Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Браконьерлерден оңбай таяқ жеген инспектордың бірі оқиғаның қалай болғанын айтты

Браконьерлерден оңбай таяқ жеген инспектордың бірі оқиғаның қалай болғанын айтты
ашық дереккөз
Таяқ жеген инспектордың бірі ауруханада әлі есін жимай жатыр
Қарағанды облысында киік атып жүрген браконьерлер іздеріне түскен табиғат қорғау инспекторларын өлімші етіп сабап тастады. Соққының астына түсіп пышақ  жарақатын да алған аң шаруашылығының бір өкілі тіпті әлі ес түссіз жатыр. Броконьерлерді қуған мына екі жігіт қапыда соққының астына түсіп оңбай таяқ жеді. Бұлар алғашында далада атылып жатқан бес киікті тапқан. Аңшылардың ізімен жүріп, мемлекеттік нөмірлері жоқ жол талғамайтын көліктердің артына түседі. Қуғандарымен екі көліктің бірін ғана тоқтатуға шамалары жетіпті. Дегенмен көліктен түскен үшеу екі инспекторға тарпа бас салған. Мылтық атылып, суық қару да жұмсалған. Қас пен көздің арасында екеуді сұлатып салғандар іздерін суытыпты. Салдарынан есін әрең жиған инспектордың бірі рациямен көмек шақыртқан. Қазір қаскөйлерді полиция іздеп жатыр. Ал басынан соққы алған екінші инспектор тәулік өтсе де әлі есін жиған жоқ.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар