Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда әжімін тарттыру үшін несие алып, ота жасатқан әйел есін білмей хал үстінде жатыр

Алматыда әжімін тарттыру үшін несие алып, ота жасатқан әйел есін білмей хал үстінде жатыр
ашық дереккөз
48 жастағы Алматы тұрғыны 2 ай дегенде көзін ашқанымен ешкімді танымай қалған.
Гүлнар Айнақұлова сұлулық клиникаларының бірінде бетіндегі әжімін тартқызбақ болған. 48 жастағы әйел ол үшін қомақты ақша да төлеген. Алайда, отадан соң бірден жағдайы нашарлаған, деп жазды КТК арнасы. Өзі де дәрігер боп істейтін Гүлнар екі жарым айдан бері ес-түссіз жатыр. Ал оған ота жасаған косметологтар әлі күнге дейін жауапқа тартылмапты. Гүлнар Айнақұлова бетіндегі әжімдерімен бірге, иегіндегі майды да алдыртқысы келген. Алайда ота кезінде беті мен тамағы ісіп кетіп, әйел есінен таңып құлаған. Ертесіне де есін жимаған оны жекеменшік клиникадағылар жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға жөнелтіпті. Бастапқыда ешқайда арыз жазбауын сұрап жалбарынған олар енді шағымданушыларды пысқырмай да отыр екен. "Әпкемнің ауыр жағдайда жатқанына қарамастан, Оксана Молицкаяның клиникасы еміне ақша төлемейміз деп отыр. Отаны жасаған солар ғой. Не істерімді білмейміз. Неге Молицкаяның клиникасы қолымен жасағанын мойнымен көтермейді? Жауаптылардың жазаға тартылуын талап етемін",-дейді  науқастың әпкесі Гүлзада Айнақұлова. Ал Гүлнар Айнақұлова екі жарым айдан бері әлі өз-өзіне келмеген. Жақында көзін ашқан, бірақ сөйлемейді. Тіпті, жақындарын танымай да жатыр екен. Дәрігерлердің айтуынша, әйел ауыр анафилактикалық шок алған. Гүлнардың өзі де дәрігер. Жоғары білікті санитар-эпидемиолог. Ал отаны ол Алматыдағы ең қымбат клиникалардың бірінде жасатқан. Оларға 760 мың теңгесін де төлеп қойған екен. Десе де, ақшасын алғанша асты-үстіне түскен косметологтар енді есігіне де жуытпай отыр. Әпкесі үшін зар илеген сіңілісі енді қайтерін білмей дал. Оның айтуынша, полицияға арыз жазған. Десе де, сау адамды сал қылғандар жұмысын жайбарақат жалғастырып жатыр екен. Әжімін тартқызбақ болған әйел отаға қаржыны несиеге алған екен. Онысы екі айдан бері төленбеген. Жақыны үшін жан ұшырып жүрген әйелге «ақшаны қайтарыңдар» деп банктергілер де қиғылық салып жүр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар