Басты жаңалықтар
2019 жылдың көктемінен бастап қазақстандықтар үш күнде некелерін заңдастыра алады
- автор kyn.kz
- 15 қаңтар, 2019
- 203
Бұған дейін үш ай әуресарсаңға салынатын халықтың уақыты осылайша үнемделеді.
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі осы жылдың көктемінен бастап небәрі үш күнде некелесуге болатынын хабарлайды, деп жазды KYN.KZ.сайты.
Қазақстанда некені құқықтық заң бойынша рәсімдеу мерзімі үш күнге қысқартылды. Бұл туралы министр Дәурен Абаев айтты.
"Неке қиюды тіркеу қызметін оңтайландыру арқылы оның мерзімін бір айдан үш жұмыс күніне дейін қысқартуға болады. Сондай-ақ, өтініш жазған күннен бастап екі ай неке қиюды тіркеу күнін таңдауға мүмкіндік беріледі", — деді Абаев.
Министрдің сөзінше бұл заң көктемнен бастап заңды күшіне енеді. Азаматтар сол кезден бастап үш күнде некелерін заңдастыра алады.