Басты жаңалықтар
Шымкентте қараусыз жатқан үйде 9 жасар оқушы қызды зорлаған Алматы тұрғыны ұсталды
- автор kyn.kz
- 15 қаңтар, 2019
- 197
Қосымша сабақтан қайтып кележатқан қызды күдікті жол ортасында ұстап алып, арам ойын жүзеге асырған.
Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Шымкентте мектепте өткен жаттығудан кейін үйіне келе жатқан 9 жасар қызды зорлап кеткен күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ішкі істер министрлігі мен Шымкент қаласының полиция департаменті қызметкерлерінің бірлескен жедел іздестіру шаралары кезінде кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап кетті деген күдікке ілінген ер адам ұсталған. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.
"Ұсталған ер адамның қылмысқа қатысы куәгерлер мен жәбір көрген қыздың жауабымен расталып отыр. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа ақпаратты ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайды", — деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 5 қаңтарда жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызын зорлап кетті деп полицияға арызданған.
Белгілі болғандай, Шымкентке қарасты ауылдардың бірінде мектепте өткен жаттығудан кейін үйіне келе жатқан 9 жасар қызды белгісіз біреу зорлап кеткен. Жаға ұстатарлық оқиға күндіз мектеп маңындағы қараусыз жатқан үйде болған. Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.