Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Анасы: Дениске алғаш көмек көрсеткен куәгер қыз суретін ұлымның танысына жіберген

Анасы: Дениске алғаш көмек көрсеткен куәгер қыз суретін ұлымның танысына жіберген
ашық дереккөз
Қара жамылған ана сотта Денисті қасақана өлтіруі мүмкін деген ойын дәлелдеу мақсатында бірнеше дәйектер келтірді.
Оксана Тен сотқа түсірген шағымын оқу барысында Дениске алғашқылардың бірі болып көмекке келген қыздың әрекетінен күмәндануға болатынын айтуда. Сөзінше, оқиға орнында болған бойжеткен спортшының ауыр халде жатқан сәтін суретке түсіріп, Денис танитын адамға  жіберген.
Қара жамылған ана сотта осындай бірнеше күмән тудыратын жайттарды  айтып, ұлының өлімі қасақана ұйымдастырылғанға ұқсайтынын айтуда.

Анель Ибраева есімді ару оқиға орнында спортшының ұялы телефонын алып, оның жақындарына қоңырау шалыпты. Оған қоса, ол тыныс алмай, ес-түссіз жатқан Денистің суретін спортшының танысына жіберген.

"Анель Ибраева көліктегі іскерлік кездесуінен кейін жұмысына асығып кеткен. Алайда асығып тұрғанына қарамастан ол Құрманғазы көшесінің бойымен жаяу кетеді.

Қайғылы оқиғаны көре сала, алғашқы көмек көрсетуді бастайды. Денистің қанға оралған телефонын алып, оның жақындарына қоңырау шалған. Ол маған да хабарласты.

Бірақ неге екені белгісіз, ол Денистің тыныссыз денесінің суретін оның таныс қызына жібереді. Бұл әрекеттер қарапайым әйелге сай емес деп санаймын" , - деді Оксана Тен.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар