Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абайда зорланған жігіттің ісі: күдіктілердің бірі видеоға түсіп қалған

Абайда зорланған жігіттің ісі: күдіктілердің бірі видеоға түсіп қалған
ашық дереккөз
Қорғаушы: Сол видео арқылы оның қылмысын толық дәлелдеуге болады.
Жасөспірімді зорлады деп айыпталып отырған күдіктілердің бірі Абай ауылының тұрғынымен сөйлесіп, өзінің кінәсін мойындаған сәті жазылған видео мен телефон әңгімесінің жазбасы полицияға берілді.
 Түркістан облысында бұрынғы полиция қызметкері жасөспірімді зорлады деп айыпталғанына қарамастан, күдікті дәл қазір бостандықта жүр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне адвокат Айман Омарова хабарлады. 2018 жылдың жазында Түркістан облысы Абай ауылының 22 жастағы тұрғыны басынан өткен жантүршігерлік оқиғасын БАҚ өкілдері арқылы жұртқа айтқан еді. Жігіт өзін 16 жасынан бастап екі ер адамның зорлап келгенін және олардың біреуінің үстінде полиция формасы болғанын айтады. Алғаш рет оны 2012 жылдың наурыз айында зорлап, бұл үш жыл көлемінде созылған. Айтуынша, зорлап қана қоймай интимдік видеолармен бопсалап, ақша талап еткен. Баласының басынан өткен жағдай туралы білген кезде ата-анасы екі ер адамның үстінен шағымданған. Бірақ олар бірнеше жылдан бері тергеудің әділ жүргізілмей келе жатқанын айтады. Жігіттің жағдайын естіген адвокат Айман Омарова оны қорғауға бар күшін салатынын айтқан еді.  Оның айтуынша, қолда аудио және видео жазбалардың бар екеніне қарамастан, полиция бұл іске күдіктілерді қамауға алуға асықпайды. Омарова 2015 жылы жәбірленушінің ата-анасының екінші күдіктіні видеоға түсіріп алғанын айтып берді. "Бұл видеода Ержан атты екінші күдікті бар. 2015 жылы Ержан үнемі жігітті іздеп, кейінгісі кездесуге келісімін береді. Бірақ жас жігіт бұл жолы өзімен бірге ата-анасын ала барады. Ата-анасы көрші бөлмеде болып, біраз уақыттан кейін ер адам мен баласы болған бөлмеге кіріп, барлығын видеоға түсіріп алады. Видеода ер адам өзінің есімін және не істегенін айтып береді", — деді адвокат Омарова полицияда күдікті ер адамның болған қылмысқа қатысы бар екенін айтқан сәті түсірілген видео бар екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол екінші күдіктінің әңгіме барысында қылмысқа қатысы бар екенін мойындағанын айтты. Барлық мәлімет құқық қорғау органына тапсырылған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар