Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар әлемдегі тамақтану ережесін білмей, ауру табатын алғашқы он елдің қатарында

Қазақстандықтар әлемдегі тамақтану ережесін білмей, ауру табатын алғашқы он елдің қатарында
ашық дереккөз
Халықтың 60%-ы ас- ауқатты дұрыс тұтінбау салдарынан ауру тауып, соңында сол дерттен қайтыс болады екен.
Халқы дұрыс тамақтанбайтын елдер тізімінде Қазақстан алғашқы ондықта! Мұндай мәлімдемені жұрттың тамақтану тәртібін 26 жыл зерттеген неміс ғалымдары жасап отыр, деп жазды Еуразия бірінші арнасы. Олар өлім-жітімнің 60 пайызы жұқпалы сырқаттан емес, дәл осы тамақты дұрыс ішпеуден келеді деп дабыл қағуда. Ал майлы тамақ, ұннан әзірленген тағамдар, фаст-фуд, газдалған сусындарды пайдаланудан посткеңестік елдер көш басында екен. Сонымен, отандастарымыз неге дұрыс тамақтанбай жүр? Дәрігерлер неден қауіптенуде? Неміс ғалымдарының жүргізген зерттеуіне көз салайық. Халқы дұрыс тамақтанбайтын елдер тізімінде оңтүстік көршілеріміз көш басында тұр. Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан алғашқы анти үштікте. Сәл төмендеу, тоғызыншы орында Қазақстан орналасыпты. Яғни зерттеуге сенсек, елімізде 100 мың адамға шаққанда 309 адам дұрыс тамақтанбаудың құрбаны болады екен. "Ұйқы безінің қабынуы панкриотит деп жатамыз, асқазанның қабынуы ол деген гастрит, -халециститтер өт жолдарының қабынуы, және де неше түрлі гепатиттерге алып келеді",- дейді гастроэнтеролог Ардақ Сұлтанов. Ауру астан. Бүгінде дұрыс тамақтанбаудың салдарынан адамдар көптеген ауруларға тап болуда. Мамандардың сөзінше, мүндайға көбіне сұлу дене бітімін армандайтын бойжеткендер ұрынады,дейді. Мәселен студент Нұриланың айтуынша, дұрыс тамақтанбаудың салдаранынан құрбылары асқазан -ішек ауруларға шалдығыпты. «Өзімнің құрбым жаңағы правильное питание дейді ғой. Дұрыс тамақтанудың ережесін дұрыс сақтамай, ол тек қана бір күнде мысалы мүлдем тамақ ішпейтін кездері болды. Менің ойымша ол дұрыс емес.  Менің құрбым өзінің диетасын асқазаның құртып алды десем болады. Ол үш ай ұстады. Мысалы ол бір күнде 1 алма, 1 стақан су ішетін болды»,-дейді студент Нұрила Даниярова. Миллиондаған адам дұрыс тамақтанбағандықтан жүрек ауруларынан көз жұмады, деп дәрігерлер дабыл қағуда. Соңғы жүргізген статистикаға зер салсақ, өлім-жітімнің 60 пайызы жұқпалы сырқаттан емес, дәл осы тамақты дұрыс ішпеуден келеді екен. Ал майлы әрі ұннан әзірленген тағамдар, фаст-фуд, газдалған сусындар кейінгі 10 жылда өлім-жітімнің санының екі есеге артыпты. Салдарынан жұрт әлеуметтік желіде кеңінен тараған диеталардың түр-түріне отырып, ауруханадан бірақ шығуда. «Көп жағдайда бізге 20-40 жастағы өздерінің денсаулығына немқұрайлы қарамайтын жастар, сондай-ақ ауруханада жатып шығып, арнайы диетаны қажет ететін адамдар келеді. Біз оларға «сіз дұрыс жол таңдадыңыз деп» дұрыс тамақтанудың артықшылығымен бөлісеміз.Өйткені, біздің күнделікті тұтынып жүргеніміз майлы, денсаулыққа өте зиян тағамдар. Сондықтан олардан бас тартқандардың саны артқаны әрине қуантады»,-дейді жеке кәсіпкер Дана Досжанова. Осылайша ғалымдар әйелдерге қарағанда ерлер көбіне дұрыс тамақтанбаудың салдарынан зиян шегетінін алға тартады. Олардың пікірінше, қыз-келіншектердің денсаулығы тек 50 жастан кейін бұзылады, ал еркектер жастайынан түрлі ауруларға тап болады екен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар