Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда Денисті өлтіргендерге сот үкімі шықты

Алматыда Денисті өлтіргендерге сот үкімі шықты
ашық дереккөз
Анасы сотқа көңілі толмағанын айтты
Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне айыпты деп танылған үш күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі бойынша Нұралы Қиясов 18 жылға, Арман Құдайбергенов 18 жылға, ал аяғы ауыр Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Қиясов пен Құдайбергенов жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде, ал Толыбаева қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. "Жанар Толыбаева Қиясов пен Құдайбергеннің сол күні пышақ салғанын, жарақат алған атақты спортшы екенін біле тұра сол күні Қапшағайға демалуға кеткені, қылмысты біле тұра құзырлы органдарға хабарламағаны үшін айыпты деп танылып отыр. Толыбаеваның 4 жастағы баласы бары және аяғы ауыр екені ескеріле келе үкім шықты", — деді судья Кеңшілік Әбілдинов. Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық", 192-бабы "Қарақшылық" және 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша айыпты деп танылды. Нұралы Қиясов "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша сотталды. Жанар Толыбаева "Ұрлық" бабы бойынша ақталып, бірақ 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды. Сот Құдайбергенов пен Қиясовтан процессуалды шығын ретінде 1 860 520 теңге өндіруді үкім етті. Сонымен қатар Құдайбергеновтен басқа қылмыстық істер бойынша жәбірленушілердің пайдасына 510 мың 634 мың теңге өндірілді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар