Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Хайп» патшасы: отандық әншілердің Байзақовамен түсірген бейнебаяны көпшілікке жақпай қалды

«Хайп» патшасы: отандық әншілердің Байзақовамен түсірген бейнебаяны көпшілікке жақпай қалды
ашық дереккөз
Олар жас әншілерді Айжан үшін жек көретіндерін жазды
Кеше «Alemband» тобының Қылықтым әніне түсірілген екінші бейнебаянын көрерменге жол тартты. Әншілер бұл жолы да клипке Айжан Байзақованы түсірген. Желіде пайда болғанына аз ғана уақыт болған бейнебаян көпшілік сынап тастады,- деп хабарлайды KYN.KZ  width= Бұл әншілердің Айжан Байзақовамен түсірген екінші бейнебаяны. Жаңа әндеріне Айжанды түсіруді дәстүрге айналдырған  «Alemband» осы жолы тыңдармандарының көңілін қалдырған секілді. Бейнебаян аз ғана уақыттың ішінде жағымсыз пікірлердің астында қалды. Желі қолданушыларды жас әншілерді Айжан арқылы «хайп» жинап жүр деп айтты. «Кароль хайпа», «Айжан болмаса клипті ешкім көрмес еді», «Тағы да Байзақова, жек көрем сендерді «Alemband», - деп жазды олар. Тіпті кейбіреулері бейнебаянды «толып тұрған эротика», - деп атады. Айта кетейік бейнебаян бір күннің ішінде 4,4 мың лайк жинаған болса, бейнебаянды ұнатпай, теріс бағасын бергендер саны 6,5 мыңға жеткен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар