Басты жаңалықтар
Атырауда дәрігерлер әйелге қате диагноз қойып, омырауын алып тастаған
- автор kyn.kz
- 16 маусым, 2018
- 287
Әйел адам моральдық және материалдық шығынын өтеу үшін сотқа арыз берді
Атырауда қате диагноз қойылып, әйелдің омырауын алып тастаған, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
2016 жылы наурызда әйел адамның оң жақ омырауы ауырып, ауруханаға қаралуға келеді. Диагноз бірден қойылмай, жағдайы нашарлап кеткен. Сол кезде дәрігерлер оны онкодиспансерге жіберіп, Атырау сот-сараптамалық институтының мамандары жүргізген экспресс-биопсия нәтижесінде қатерлі ісік диагнозы қойылды.
Әйел адамның омырауын операция жасап алып тастағаннан кейін, оның қатерлі ісікпен ауырмағаны белгілі болыпты.
Жәбірленуші сотқа арыз беріп, материалдық және моральдық шығын үшін тиісінше 3,5 және 20 миллион теңге сұрады.
Сот шешімі бойынша, Атырау №2 қалалық емханасы мен Атырау облыстық онкологиялық диспансері әйел адамға материалдық шығын ретінде 3 миллион 130 мың 200 теңге, моральдық шығын ретінде 3 миллион теңге төлеуге міндеттелді.