Басты жаңалықтар
Зорланған 7 жасар баланың ісі: сотталған жігіттің анасы айтылмаған мәліметтерді жайып салды
- автор kyn.kz
- 19 қаңтар, 2019
- 272
Гүлайша Әлімова: Бұған дейін соттағылар "ұлыңыз 95% кінәсіз" деп сендіріп келді.
Түркістан облысы, Абай ауылында зорланған 7 жасар баланың ісінде жаңа мәліметтер пайда болды. Қаңтардың 10-ы күні сот шешімімен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған жасөспірімнің анасы бұған дейін елге жарияланбаған деректермен бөлісті.
Бұл туралы Elitar.kz басылымы хабарлады.
Сотталған баланың жақындасы үкіммен келіспейтіндерін айтып, сотқа апелляциялық шағым түсірген. Анасының айтуынша, сараптама нәтижесі баланың зорланбағанын көрсеткен. Соған қарамастан, ұлым жазықсыз сотталып отыр, деп шырылдайды Гүлайша Әлімова.
Құзырлы органда істейтін азаматтардың өзі баланың ақталып шығатынына сенім білдірген.
«95 пайыз балаңыз ақталып тұр, тек 5 пайызы баланың айтуымен деп маған келіп айтты… Беттестіруде отырдық. Авдокаты, Бас прокурордың көмекшісі, психологтар да сонда болды.
Баламды да отырғызды. Адвокат «Азаматты танисың ба?»,-деді. «Танимын»,-деді ол. «Саған осындай жаман іс-әрекет жасады ма?» десе, бала «Істемеді»,-деді. «Мүмкін сен одан қорыққаннан кейін «жоқ» деп айтып отырған шығарсың?
Шыныңды айтшы»,-деді авдокат. Бала болса, «Жоқ, мен Азаматтан қорықпаймын»,- деді. Сол кездің өзінде баланың өзі айтып тұр Азамат жоқ деп, білмеймін мына соттың қандай сот екенін түсінбедім мен”, – дейді айыпталушының анасы.
Ал зорлық әрекеті болды делінген лашықтың дәл жанында тұратын Рита Наурова жақын маңнан ешқандай шу естімегенін айтады.
«Ол үй біздің үймен бір аулада орналасқан. Ауламыздан ары-бері көп адамдар өтеді. Кезінде ол үй арқылы мектеп оқушылары да өтетін. Егер қандай да бір шу шығып немесе әлдене нәрсе орын алса, біз міндетті түрде еститін едік», – деді Рита Наурова.
"Ұлым расымен де бала зорлаған болса, аямас едім" деп шырылдайды анасы.
«Сотта 41 адам менің баламның сөзін сөйлеп келіп отыр… Шынымен сондай зорлық істеген болса, жаным ашымас еді. Қолмен істеді ме, мойнымен көтерсін деп бұлай күйінбес едім. Менің балам тектен-текке кетіп отыр қазір. Екі әулеттің құрбаны болып отыр», – деп сөзін түйді сотталушының анасы.