Басты жаңалықтар
Қиясовтың әкесі Денистің өлімінен кейін күрт байып кетті дегендерге дүниесін көрсетті
- автор kyn.kz
- 19 қаңтар, 2019
- 297
Дәулетбек Сейітов: Қамалатын бала қамалды, қолымыздан ештеңе келмейді. Апелляциялық шағым жазбаймын.
Күні кеше бүкіл ел алдында мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне кінәлі деп танылып, 18 жылға қамауға алынған Нұралы Қиясовтың әкесі Дәулетбек Сейітов халыққа өз ойын айтты.
Қара жамылып, баласына тағылған айыптың кесірінен ауылдастарының алдында басын көтере алмай қалған әке халықтан өздеренін еш дәлелсіз сөкпеуді сұрайды, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дәулетбек Сейітов сотқа апелляциялық шағым түсіріп, қандай да бір жеңілдік аламыз дегенге мүлде сенбейді. Ол істі болып жатқан ұлымен жарты жылдан бері мүлде сөйлеспеген.
Тергеу кезіндегі тілдесуде спортшыға пышақ сұқпағанын айтыпты. Міне осыдан кейін Сейітов ұлының толықтай кінәлі емес екеніне сенеді. Бірақ, соттың шешіміне амалсыз көнетіндерін айтып отыр. “Қалай оңай болады? Қамалатын бала қамалды, енді не қыламыз? Қолымыздан ештеңе келмейді”, — дейді ол.
17 қаңтар күні 18 жылға бас бостандығынан айырған соттың соңғы шешімін тыңдауға Нұралының анасы мен ағасы барған. Әкесі мал-жайға қарайтын жан болмаған соң, үйінде жалғыз қалыпты.
Сейітов осыған дейін Оксана Тен айтқандай Қиясовтар әулеті күрт байып кетті дегенмен келіспейді. Оның сөзінше, қорадағы әр төл сырғасымен тіркеулі екен.
“96 жылғы машинамды алғаныма бес-алты жыл болды. Малымның барлығы өкіметте тіркеулі тұр. Байып кеткен ештеңеміз жоқ. Айтып жатқан жаласы ғой, — дейді Қиясовтың әкесі.
Осылайша Сейітов Денис Тенді өлтіріп, дәулет бітті деген айыпты жоққа шығарды. Жұпыны болмасақ та үй шаруасын жұтатқан жайым жоқ дейді отағасы. 24 жасында 18 жылға абақтыға жабылған Нұралы Қиясов оның төрт баласының екіншісі.