Басты жаңалықтар
Көпшілік жартылай жалаңаш қарындасына тыйым салмайтын Бүркітке ренжіді (фото)
- автор kyn.kz
- 21 қаңтар, 2019
- 660
Танымал әншінің қарындасы төстартқышпен суретке түсіп, бұдан да "батыл" ораздарда суретке түсетінін айтты.
Танымал әнші Бүркіттің қарындасы блогер Әсел Асқарға желі қолданушылары ренжулі. Себебі басында халыққа қара өлеңді нақышына келтіре оқып танылған қыз бүгінде Байзақованың әдіс-тәсілдеріне көшті деп айыпталуда.
Осыған дейін Әсел төсін үлкейтіп, жезөкшенің образын сомдап елдің ашуына тиген еді. Бірақ ол халықтың сынына байланысты алдағы уақытта бұдан да "батыл" образдарды ұсынатынын айтқан еді.
"Мына қыз басында әдемі өлеңдер оқып, жақысы болып жүр еді. Енді бірден не болды? Ұят қайда?", "Ағасы Бүркіт қайда қарап отыр? Қарындасы шешінсе әулетінде намысты ер азамат жоқ деген сөз. Қызға қырық үйден тыйым", "Әсел өте сымбаттысыз, сізге не істесеңіз де жарасады", деген сынды түрлі пікірлер жазылды.