Басты жаңалықтар
Қарағандыда екі инспекторды сабаған браконьерлер ұсталды
- автор kyn.kz
- 21 қаңтар, 2019
- 604
Ауыр соққының салдарынан инспектор Ерлан Нұрғалиев ауруханада қайтыс болып кетті.
Қызылордада екі табиғат қорғаушысына шабуылдап, біреуін мерт қылды деп күдіктелген ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
«Бүгін полиция қызметкерлерінің арнайы жүргізген операциясы нәтижесінде «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының инспекторы Ерлан Нұрғалиевті қызметтік міндетін атқару кезінде өлтірген үш күдікті ұсталды. Олар Қызылорда қаласындағы жеке үйлердің бірінде бой тасалаған», – делінеді хабарламада.
Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Айта кетейік, оқиға 13 қаңтарда Қарағанды облысында болды. “Охотзоопром” кәсіпорнының қызметкерлері өлтірілген сайғақтардың терісін табады. Кейін ісзге түсіп, екі көлікті тоқтатады.
Тексеру кезінде браконьерлер олардың өзіне шабуылдайды. Екі ер адам да ауруханаға түсті. Инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өмірі үшін дәрігерлер соңына дейін күресті. Бірақ есін жимастан қайтыс болып кетті.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




