Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Теменов Баян Мақсатқызын сотқа беріп, 30 млн. теңге моральдық өтемақы талап етті

Теменов Баян Мақсатқызын сотқа беріп, 30 млн. теңге моральдық өтемақы талап етті
ашық дереккөз
Атағы дардай режиссер продюсер Алагөзованың "Тағдыр станциясы" фильмінде авторлық құқығым ұрланды деп отыр.
«Shine Production» продюсерлік орталығы   Баян Алагөзованың жетекшілігімен режиссер Талғат Теменовтың 1992 жылы түсірген «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасы ретінде  «Тағдыр Станциясы» фильмін түсіріп бітті. Бүгін ғана ел күткен кино картинканың жабық көрсетілімі болып, қаңтардың 24 -нен бастап, қалың көрерменге жол тартқалы отыр, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан хабарлады. Теменов Астана қаласына қарасты Есіл ауданының сотына Баян Алагөзова авторлық құқығымды бұзды деп шағым түсіріп қойды. Режссердің сотқа қойған талабы  кино картинканы контрафактілік өнім ретінде танып, өзіне 30 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп беру. Ал сот өтініш берушінің фильмнің барлық көшірмелерін және фильмді көрсетуге тыйым салу туралы өтінішін қабылдамады. Бұлай жасау себебі, бұл заңды құқықтың бұзылуына, басқа тұлғалардың мүдделеріне және «Shine Production» ЖШС-нің банкротқа ұшырауына алып келуі мүмкін. Соған қарамастан, сот Теменовтың авторлық құқығы бұзылуы және материалдық зиянды өтеу туралы талаптарын қабылдап, азаматтық іс қозғады. "  "Shine production" ЖШС пен Баян Алагөзованың әрекетінің арқасында қандайда бір шығындарға ұшырап қалмас үшін кинотеатрлардан "Тағдыр станциясы" фильмін сот процессі аяқталғанша  Қазақстан аумағында көрсетпей тұруға кеңес бердім. Бұл мәселе ҚР заңындағы 49  бапқа сәйкес "авторлық құқық және аралас құқық" бөліміне сай жүзеге асырылуы тиіс",—  дейді Талғат Теменовтің  авторлық құқығын қорғаумен айналысып жүрген заңгер Бейбіт Жұмағали. Бірінші сот отырысы 22 қаңтар күні Астана қаласында өтеді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар