Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте дәрігер ота жасаған науқастың ішінде дәкесін ұмыт қалдырған

Шымкентте дәрігер ота жасаған науқастың ішінде дәкесін ұмыт қалдырған
ашық дереккөз
Науқас жеті ай бойы қиналған жігіт басқа дәрігерге барып, іріңдеп кеткен матасын алдырды.
Шымкент тұрғыны інісінің басынан өткен жағдайды айтып көпшіліктің жағасын ұстатты. Оның сөзінше Өткен жылы туған бауыры соқыр ішек болып қалған. Ол кезде де дәрігерлерге қаралып, отаны жасатуда талай қиындықты көріпті. Отаның орны жазылмай жеті ай бойы қиналған азамат ауылдағы жас маманға барып, ішінде қалып кеткен қанды-ірің аралас дәкені бүйірінен алдырған. Осы жағдайдың видеосын көргендер дәрігерлердің салғырттығына ашуланып, оларды сотқа беру керектігін айтып жатыр. "Тамызда еншілес інімнің соқыр ішегіне Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында операция жасалған еді. Ол кездегі қорлықты қоя бер . Әйтеуір жан аман, деп шүкіршілік еткен едік. Содан бергі жеті ай бойы бауырымның жан азабын айтып жеткізе алмаймын. Кеше ауруы жанына қатты батқан соң ауылдағы жас маманға барған. Операцияның орнын қайта ашып көрген дәрігердің өзі талып қала жаздады. Інімнің ішінен дәке шықты.... жазылмай іріңдеп жүргені сол екен. Ота жасап қалдықты алған дәрігер әріптестерінен жөн сұраймын деп сөз естіпті. Міне біздің ақ халатты абзал жандарымыз..",- деп жазған желідегі парақшасына  Қанат Жүнісбеков есімді Түркістан облысының тұрғыны.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар