Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әнші Бағлан ішіне кірген жыннан көрген қорлығы мен одан қалай құтылғанын айтты

Әнші Бағлан ішіне кірген жыннан көрген қорлығы мен одан қалай құтылғанын айтты
ашық дереккөз
Бағлан: Бұл үш әріп әйелімді, қарындасымды бүкіл отбасымызды азапқа салды деп айта аламын.
Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов үш жыл бойы психологиялық дертке шалдыққан адамның күйін кешіп, бірнеше жерде емделгенін ашық айтты. "Таңертең ұйқыдан оянғаннан бастап қорқаберетінмін. Тіс жууға барғаннан бастап түнде ұйықтап кету мұң болды. Ұшаққа отырсам қорқам, түссем тағы қорқам өзім түсінбеймін. Бармаған тәжірибелі дәрігерім қалмады. Соңында  Алматыдағы каблукованың бойындағы психикалық дертке шалдыққандар қаралатын жерге бардым. Бас дәрігерге бар жағдайымды түсіндірдім. Ол кісі қымбат екі дәрі берді. Сол дәріні ішем кәдімгідей басылып қалам. Ояумын, бірақ ештеңеге зауқың болмайды, тек көзің бадырайып жүребересің. Содан "Мынау менің өлген жерім шығар. Жігіт емеспін бе? Менікі мынау не жүріс" деп өзіммен сөйлесіп әлгі дәрілерді лақтырып жібердім. Содан кейін дем салатын молдаларды аралай бастадым. Расында ол кісілер мені құран сүрелерімен тазалап, бойымда жаңағы үш әріптің барын айтты. Соны шығарды, содан бастап көзім ашылып, бұрынғы өзімді тани бастадым. Бұл үш әріпті менің әйелімді де, қарындасымды да арбады. Ол жағын тереңірек айтпай-ақ қояйын. Расында жын деген бар екен. Соған өз басымнан өткенде көзім жетті. Үш жылдан аса не істеп жүргенімді түсінбей, тірі өлікке айналған күйіге түскендегі себепті сонда түсіндім",- дейді әнші. Әнші үш жылдан астам уақыт адасып, отбасына да дұрыс көңіл бөлмегенін айтады. Әрі отбасын сақтап қалу себебін әйелінің ақылдылығы мен сабырлылығы деп түсінеді. Өзінің жолын жауып, жын кіруіне себепкер болған өзіне үміткер болған қыздар деп болжайды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар