Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елге екі сөйлеп танылған ең жас көп балалы анаға Түймебаев пәтер сыйлады (фото)

Елге екі сөйлеп танылған ең жас көп балалы анаға Түймебаев пәтер сыйлады (фото)
ашық дереккөз
Жазира Тұрғынова бүкіл Қазақстан халқына алғысын айтты
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев елді екі сөйлеп өзіне қаратқан ең жас көпбалалы анаға пәтер сыйлады, деп жазды KYN.KZ. Жазира Тұрғынова Түркістан облысының тумасы. Ол небәрі 26 жасында 7 баланың анасы атанып үлгерді. Жақында ғана журналистерге жұмыссыз күйеуімен бірге сұхбат беріп, халықтың аянышын тудырған еді.  width= "Кенжем сегіз айлық. Жасына толса жәрдемақы тоқтайды. Содан кейін не жейтінімізді білмейміз. Пәтер жалдап тұрамыз, күйеуім жұмыс іздеп жүр, әлі таппады",-деген еді. Осы сөз бүкіл қазақстандықтың таңданысын тудырып отырған кезде Жазира Астанада Жастар жылының ашылуына байланысты жиында президенттің алдына шығып көпбалалы ана атанудың таптырмас бақыт екенін айтты. "Дана халқымызда «Бір қозы дүниеге келсе, бір тұп жусан артық шығады» деген сөз бар. Менің атым – Жазира. Жасым 27-де, Түркістан облысының тұрғынымын. Алланың қалауымен 7 сәбиімді өмірге әкелдім.  width= Әр баламның өмірге келуімен қатар біздің үйде үлкен қуаныштар орын алады. Балаларымнң күлкісінен өмірге деген құштарлық аламын. Қазірі таңда балаларымның үлкені 11 жаста, ол менің бірінші көмекшіме айналды. Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған осынау байтақ қазақ елімізде сәбилердің көп болғанын қалаймын. Мен бүлдіршіндерімнің келешегіне сенімдімін. Еліміздің жастарын көпбалалы болудан қорықпауға шақырамын. Әр бала өз несібесімен келеді", – деген еді Жазира.  width= Осы сөзден кейін көпшілік ең жас көпбалалы ананың сұхбаттарына тоқталып, Жастар жылының ашылу салтанатын ұйымдастырушылардың қателігі мен қарапайым халықты саяси құрал ретінде пайдаланып отырғандарын қатаң сынға алды. Бүгінде көпбалалы ананың жағдайына расымен жанашырлықпен қараса керек. Облыс әкімі баспана сыйға тартты. “Сіз еліміздегі жас аналарға, келіншектерге үлгі көрсеттіңіз. Алтын құрсақты анасыз. Баспанаңыз құтқа толып, ұл-қыздарыңыз көбейе берсін. Үй іші берекеге толсын. Бақытта ана болыңыз”, – деп тілек білдірді Жансейіт Түймебаев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар