Басты жаңалықтар
Шымкент тұрғыны өз әйелін мейрамханада пышақтап тастады
- автор kyn.kz
- 26 қаңтар, 2019
- 271
49 жастағы әйелге дереу ота жасалғанымен жағдайы ауыр. Ал оның күйеуін қазір полиция іздеп жатыр.
Шымкент тұрғыны мейрамханада өз әйелін пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Сондағы халық келіншекті жедел түрде қалалық ауруханалардың біріне жеткізген. Қазіргі таңда оның жағдайы аса ауыр деп бағалануда деп жазады elitar.kz сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ.
Оқиға 25-ші қаңтарда түнде болған. Жедел жәрдемге қайғылы жағдай куәгерлері хабарласқан. Келіншекті №1 қалалық ауруханаға жеткізіп, оған жедел түрде ота жасалды.
Анықталғандай, пышақ жарақаты әйел адамның ішіне жасалған. Операциядан соң, оны жансақтау бөліміне жатқызды.
49 жастағы әйелдің жағдайы бүгінде ауыр. Оған шабуылдаған азаматтың кім екені анықталды. Қазір әйелдің күйеуін полицейлер іздеп жатыр.