Басты жаңалықтар
Мақпал Жүнісова марқұм әкесінен бауырлары үшін кешірім сұрап елді емірентті
- автор kyn.kz
- 28 қаңтар, 2019
- 249
Әнші: Жан әке бізді кешір, мен өзіме айтқан аманатыңа қиянат жасамауға тырысып келемін.
Танымал әнші Мақпал Жүнісова өмірден өткеніне 35 жыл болған әкесі туралы естелік жазып көпшілікті емрентті, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Бүгін өзіңізсіз 35 жыл өтіп кетіпті. Балаларыңыздың барлығы дін аман. балаларыңыздың анасы да аман. Бір өкініштісі маңдай теріңізбен тұрғызған қара шаңыраққа балаларыңыздың біреуі тұрып қалмады. Бәрі қала қуып кеткені мені қынжылтады. Жан әке біздерге ренжіме, топырағыңыз торқа болсын",- деп жазды әнші Мақпал Жүнісова.
Мақпал Жүнісова әкесінің әнші болуына қосқан үлесі зор екенін де тілге тиек етті.
"мені ЗИЛ" машинаңызға ойнап жүрген жерімнен отырғызып алып,"кеттік қызым,сені музка мектебіне апарамын. Сен атақты әнші боласың" деп айтқаныз әлі жадымда.
Қасиетіңізден айналдым Жан әкешім,сіз өз парызыңызды жақсы атқарған әкесіз. Балаларыңызға үлкен қамқоршы бола білдіңіз.
Өз қолыңызбен үй салдыңыз, жан-жағына ағаш отырғыздыңыз, анамызды ренжіткен жоқсыз,шопырлық қызметте де алда болдыңыз, қаншама мақтау xаттар алып, тіпті Одақ президентінің атынан алтын сағат сыйға бергені де менің бала жүрегімді бір көкке көтеріп еді. Менің әкеме Брежневтен алтын сағат жіберіпті деп қатты қуанғанымай,өмірден озарыңызда радиодан "Папажан" деген әнімді тыңдап,бата беріпсіз.
"Әнін тастамасын" депсіз сол аманатыңызды орындап келемін, өнер жолы ауыр екен әкешім...
Топырағың торқа болсын,әруағыңмен желеп-жебеп жатарсың,сағыныш жастары қызыңның көзінен тоқтамай жатыр",-деген әнші.