5 баланың анасы Роза Әлқожа өзін толық деп келемеждейтіндерге жауап берді
- автор kyn.kz
- 30 қаңтар, 2019
- 1.5k
Дауысы мен бағыты ерекше әнші Роза Әлқожа өзін үнемі толықтығы үшін сынайтындарға жауап берді. ол алдымен қандай міндеттерді алдына қойса да сыртқы көріністен бұрын рухани тазалыққа мән беріп келгенін жасырмады, деп жазды KYN.KZ сайты.
"Маған көбіне "арықта" деген коментарийлер жазылады. Бойым 1.61 см болғандықтан салмағым да соған сәйкес болуы керек негізі. Жақында бір журналист сұхбат алды. Төрт сұрағы толықтыққа байланысты екен. Күлдім де жауап бердім. Адамда ең бірінші өнерге деген тазалық болуы керек. Яғни шынайы махаббат. Есепсіз. Өнерді өзіне пайдалану емес. Өнерге қызмет ету. Сол кезде ғана атақтың құрбаны болмайсың. Жүректен шыққан дүние жанарыңнан көрініп тұрады. Ал, дауыс - жанның үні. Егер сенде дауыс болып, парасат болмаса біздің елге ұнай қоюың екіталай. Әр құс өз ағашында бұлбұл. Басқа жер дәл солай қадірлемеуі мүмкін. Сымбатың мен сәнің келісіп жатса нұр үстіне нұр әрине. Бірақ солай екен деп пенде ретінде ештеңе тындырмасаң, ол да құдайға қарсы келу. Маған анам "кім болайын?"дегенде "сен келін бол" деді. Сондықтан да мен ең бірінші келін болуды, сосын арманымды жүзеге асыруды армандадым. Сол үшін де әнімді түсінетін адамға тағдырымды тапсырдым. Ал, енді келінге, анаға ең бірінші барған жерінің жағдайы, қабағы маңызды. Маған ән салдырған азаматтың оң-солы түгел болсын деп ұл да, қыз да тіледім. Үй салдық. Бауырларымызға жәрдем бердік. Сөйтіп жүріп сән жайлы ойлауға шама да келмепті. Тіпті өз сымбатының қандай екенін, негізгі түрімді ұмытып қалыппын. "Айнаға қарасаң ақылыңды алып қояды" деген соң қарамай кеткенмін ғооо! Бүгін міне балалардың алды студент, арты бақшада, шүкір! Кеше екі бала тапқан бір сіңлім "сізге рахмет. Бес бала түгілі, екі баламен ес шықты ғой" деп жатыр. Бір сіңліміз "сіздің сыртыңыздан неше түрлі айтушы ем. Өзім күйеуге шығып, бала тапқанда түсіндім. Баламен бірге жұмыс жасау деген азаптың азабы екен" деп еді. Не болса да құрбылар, сіңлілер маған ескерткіш қоймақ ниетте. Соңғы он бес күнде 8келі салмақ тастадым. Алда тағы біраз салмақ тастау ойда бар. Аз дегенде тағы 7 келі. Бұған дейін 75 кг салмақтан төмен тастай алмай жүрдім. Енді көреміз. Алда нәтиже болу үшін де арнайы жазып отырмын. Жеңісті бірге көреміз!. "Жалмауыз да бір кездері қыз болған",-деді әнші. Осы жазбасынан кейін желідегі әншінің тыңдармандары оны осы қалпында жақсы көретіндерін жазды.