Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шизофрения ауруының алғашқы белгілері мен дертті жеңудің жолдары

Шизофрения ауруының алғашқы белгілері мен дертті жеңудің жолдары
ашық дереккөз
Науқасқа шын мәнінде дәрігерден бұрын айналасындағылардың көрсеткен көмегі көп нәтиже береді
Шизофрения- психологияда тексеру мен талдауды аса қажет ететін күрделі дерттің бірі. Бұл ауруды адам бойынан анықтау кезінде  ғалымдардың, тәжірибелі психологтардың өзі бір тестке бірнеше қайтара үңілуге мәжбүр екен. Дегенмен, дертті дұрыс зерттесе қарапайым адамдардың өзі  алғашқы белгілерін байқап, науқасты дер кезінде емдетуге көмек қолын соза алады. Бұл ауру мың адамның 4–6 – да кездесуі мүмкін. Сондықтан әр адамның осындай бір қауіпті аурудың белгілерін  біле жүргені дұрыс.  Шизофрения дертінің пайда болу себебі Көптеген жылдар бойы дәрігерлердің өзі дерттің шығу себебін анықтай алмай келді. Соңғы жылдары нейробиология ғылымының арқасында бұл мәселенің шешімі табылды. Адам шизофренияға бала күнінде көрген физикалық, психикалық қорлық салдарынан шалдығады екен. Дәрігерлер жүктілік кезінде әйелдің психологиялық ауытқулары салдарынан нәрестенің бойында осы дерттің дәні қалуы мүмкін екенін айтады. Кейіннен ол бала өсе келе кедейлік, жұмыссыздық, жалғыздық сияқты қиын жағдайды көтере алмай шизофренияға шалдығуы мүмкін екен. Шизофренияға әйелдерде, ер адамдарда қатар шалдыға береді. Қызығы бұл дертпен көбінде қалалы жердің тұрғындары ауырады екен. Ер адамдар 20 мен 28  жас аралығында, әйелдер 26 және  32 жас аралығында көптеп ауырады. Сондықтан да осы бір аты жаман ауруға шалдыққандар көбінде жастайынан өмірмен қош айтысады.
Қай кезде алаңдай бастаған орынды?
Сіз осы дертке шалдықты деп күдіктенген адам жеке басының тазалығына мән бермейтін болып кетсе алаңдауыңыз орынды. Мысалы, күніне екі мәрте тісін жуатын адам күніне бір рет қана жууы мүмкін. Кейіннен оны екі күнде бір рет істейді. Осылайша аптаға ұласуы мүмкін.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар