Басты жаңалықтар
Ақтөбеде 79 жастағы қария жарты ғасырдан бері жалғыз өзі қараңғы әрі суық лашықта тұрады
- автор kyn.kz
- 30 қаңтар, 2019
- 338
Оның зейнетақысын ауылдағы шенеуніктер алып жүрген. Қария жарық, су, жылу атаулыдан өз еркімен бас тартыпты.
Ақтөбе облысының Бестамақ ауылында жетпістен асқан ақсақал адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр. 79 жастағы Қабидолла Мұхамбетов не жарығы, не жылуы, не суы жоқ үйде қырық жылдан бері тұрып келеді, деп жазды Астана арнасы.
Қарияның жағдайын тілшіміз біліп қайтты. Қарияның адам тұрғысыз жағдайда өмір сүріп жатқаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Баспанасында жылу да, жарық та, су да жоқ. Коммуналды қызметтің барлығынан ажыратылған.
Қыс ортасында ішерге ас таппай бүк түскен қарияның, азық-түлік алатын ақшасы жоқ. Тек көршілерінің қарайласуымен күн кешіп отыр.
"Былтырдан бері әлсіреп қалды. Күзден бері қыркүйектен бері. Уақытында тамақ ішпейді. Жуынбайды. Көрдің ғой. Бір томардан басқа ештеңе қалған жоқ.
Тойдан садақадан күрішін сорпасын , бауырсағын обалы не керек береді жұрт. Көбіне мына Хамза деген ағай бар Лиза деген кемпірі бар сол үйден шай ішеді. Солар қарасып тұрады",-дейді қарияның көршісі Қуаныш.
Қарияның айтуынша бір кезде ел қатарлы отбасы болған. Бірақ, ажырасып кетіпті. Содан байланыс үзілген. Жақындары да бар көрінеді. Бірақ, араласпайды - деді. Ай сайын 51 мың теңге зейнетақы алады. Бірақ, оны ұстамайды, жергілікті әкімдік қызметкеріне сеніп тапсырған.
"Пенсияны Амандыққа айтып қойып отыр. Амандық жинайды. Бастық қой. Қанша бар сонша әкеліп береді. Бәрі керек емес. Сақтап қой деп отырмын. Мен өзім от жағамын, пеш жағамын. Шаршайсың. Өте қиын",-дейді Қабидолла Мұхамбетов.
Ауыл әкімі зейнеткер өз еркімен көгілдір отын мен жарықтан бас тартқанын айтты. Бұған дейін Қабидолла қарияның зейнетақысын ауылдағы кәсіпкер алып отырған. Бірақ оның қаражатты қайда жұмсағаны белгісіз деді. Ал, биылдан бастап қарияға әлеуметтік қызметкер бекітіліпті.
"Бірнеше рет газ тартып береміз деген уақытта одан бас тартты. Свет тартамыз дегенде одан бас тартты. 2019 жылдан бастап біздер іштегі әлеуметтік қызметкерге сенімхат бердік. Сол үйіне келіп қарайды. Бірақ, бұл кісі жаңағыдай мәселе агрессиямен үйіне адам кіргізбейді",-дейді Бестамақ ауылдық округінің әкімі Қанат Дәулеталин.