Басты жаңалықтар
Атырауда оранған оқушы қыздарды ата-аналары қашықтан оқытыуға көшкен
- автор kyn.kz
- 30 қаңтар, 2019
- 291
Мектеп формасына бағынғысы келмеген 9 оқушы қазір сабақтарын үйінде жатып оқиды екен.
Атырауда мектеп формасына бағынғысы келмеген ана-аналар балаларын қашықтықтан оқытуға көшкен. Білім басқармасының дерегінше, соңғы 2 жылда қала мектептерінен 9 оқушы құжаттарын қайтарып алыпты, деп жазды KYN.KZ сайты Астана арнасына сілтеме жасай отырып.
Олардың төртеуі №16 мектеп-лицейінің оқушысы. Ұстаздардың айтуынша, кеткен балалардың сабақ үлгерімі де, тәртібі де жақсы болған.
Тек олардың ата-анасы ортақ ережеге бағынғысы келмеді дейді. Білім ошағы директорының орынбасары ол оқушылар Ресейлік жекеменшік мектеп арқылы қашықтан білім алып жатқанын айтты.
"Анықтамада қашықтықтан оқыту деген сөз болмағандықтан біздер олар Ресей қаласына көшіп кетіп жатыр деген оймен анықтамаға құжатарын балалардың берген болатынбыз.
Қазіргі уақытта анықталғаны ол оқушылар осы Атырау қаласында тұрып, қашықтықтан оқып отыр екен",-дейді Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әйгерім Сейітжаппарова.
Білім басқармасындағылар ата-аналардың бұл әрекеті - заңсыз,- дейді. Олардың айтуынша, қашықтықтан оқуға денсаулығында кінәраты бар балаларға ғана рұхсат беріледі. Мамандар түсіндіруге тырысқанымен, ата-аналар әзірге балаларын мемлекеттік мектепке қайтаруға келіспей отыр. Іске құзырлы органдар араласуда. Әкімшілік айыппұл да салынған.
"Бастарында орамал тартады деген бағытпен, мектепке әкелмей үйлерінде ұстап оқытып отыр. Әрине, бұл заң талаптарына қайшы нұсқаулықтарға. Сондықтан да, біздер, білім беру ұйымдары мектепке қайтару жөнінде жұмыстар жүргізіп жатыр",- дейді Атырау облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Байжан Шамұратов.