Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Гауһар Әлімбекованың адвокаты істің мән-жайын айтты

Гауһар Әлімбекованың адвокаты істің мән-жайын айтты
ашық дереккөз
Қорғаушысы: Бұл жерде Гауһардың өзі де алданып қалған
Алаяқтық жасады деп айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекованың адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеді.

Оның мәліметінше, іс 2013 жылы болған. Феруза Ордабаева Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінен пәтер алып беремін деп 35 адамды алдап соққан. "Әкімдіктенмін" деген әйелге алданғандар ішінде Әлімбекова да бар.

Әнші алаяқтың сөзіне сеніп, үш туысына 40 мың долларлық пәтер алып беріпті.

Бір жылдан соң Әлімбекованың құрбысы пәтерге қызығып, Ордабаевамен танысады. Ол да алаяқтың қолына 40 мың доллар ұстатып, баспаналы болған.

Тіпті әнші мен арызданушы Назарова (құрбысы -ред) бір подъезде тұрыпты. Кейіннен бұл үй келісімшартпен бөліп төлеуге сатылатын 37 млн теңгенің үйі болып шыққан.

Анықталғандай, ақшаны алған Ордабаева пәтердің бастапқы жарнасын төлеген. Екі жыл өткенде үйді салған компания бұларды қуып шығады.

Пәтер алушылар айына 250 мың теңге төлеу керектігін келісімшарттан оқымаған. Осылайша Гауһар мен құрбысы Назарова және 35 адам далада қалыпты.

Артынша зардап шеккендер сотқа арызданған. Ал Әлімбекованың қолы босамай, арыз жазбапты.

"Бұл істе әншінің өзі де үш бірдей үйдің ақшасынан айырылып отыр. 2016 жылы істің басты фигуранты Феруза Ордабаева 7 жылға сотталды", - дейді адвокат.

2017 жылдың соңына дейін ақшасын күткен Назарова шыдамы таусылып, Гауһардың үстінен арыз түсіріпті.

Мемлекеттік айыптаушы Әлімбекованы Ордабаевамен алаяқтық жасады деп, яғни "жәбірленушіні Ордабаевамен таныстырды" деп Қылмыстық кодекстің 190 бабы ("Алаяқтық") бойынша айыпты деп тануды, сегіз жылға бостандығынан айыруды сұраған.

"Ол алдағысы келген адамға өзімен көрші үйді алып бере ме? Бұл логикаға жатпайды", - деп наразылығын білдірді адвокат.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар