Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Назарбаев диетаға деген көзқарасы мен өзінің артық салмақпен қалай күресетінін айтты

Назарбаев диетаға деген көзқарасы мен өзінің артық салмақпен қалай күресетінін айтты
ашық дереккөз
Президент: Қазір диетаның түрі көп. Бірі ет жеуге болмайды десе, тағы бірі май атаулыны аузыңа алма дейді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде артық салмақпен күресушілердің күрт көбейіп кеткеніне тоқталды. Президент дұрыс тамақтануды, спортпен айналысуды әр адам өмір салтына негізгі ұстанымына айналтыруы керек екенін атап өтті.

"Кімнен сұрасаң да, арықтағысы келеді. Тіпті арық адамдар салмақ тастауды қалайды. Диетаның да түрі көп: ет жеуге болмайды, майды мүлдем ауызға алмау керексің, - дейді мемлекет басшысы әзіл-шыны аралас. - Біз қазақтар етсіз қалай өмір сүреміз? Бір ұрыны ұстап алып, "неге ұрлайсың?" дегенде, "жылқының еті тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояйын" депті".

"Менің қағидам – адам ағзасы сұраған асты жеуі керек", - деді Елбасы.

Сонымен бірге, спортпен шұғылдану керектігін атап өтті. "Адам өзіне қарауы тиіс, біз дені сау ұлт болуымыз керек. Жастарымыз осыған ұмтылатынын білемін. Өз басым ешқандай диета ұстанбаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бәрімізге белгілі, Елбасы жастайынан спортпен шұғылданғанды жақсы көреді, тіпті жаңа түрлерін меңгеруден жалықпайды. Нұрсұлтан Назарбаев күреспен айналысқан, қазір теннис және гольф ойнайды, тау шаңғысын тебеді, атқа мінеді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар