Басты жаңалықтар
Әлімбекованың қамауда отырып жазған хатын оқығандар еріксіз жылап жіберді
- автор kyn.kz
- 1 ақпан, 2019
- 272
Әнші: Бірінші күні темір төсекте жатып, тор терезеге қарап анамның қайтқан күні екені есіме түсіп жыладым
Әнші әрі сазгер Гауһар Әлімбекова алғашқы сот үкімі оқыласалысымен қолына кісен салынып абақтыға жөнелтілген еді. Бүкіл Қазақ халқы түсінбей қалған жағдайға байланысты әншінің өзі туған сіңлісі рақылы хат жолдапты, деп жазды KYN.KZ сайты.
Хатта әнші абақтыдағы бірінші күні мен өзіне тағылған айыппен мүлде келіспейтіні жайлы жазған.
Назарларыңызға хаттың толық нұсқасын ұсынамыз:
"Қалайсыңдар? Менде бәрі тамаша!!! Қайран Қазағым-ай, не боп кетті, түсінбей қалдым. Ешбір дәлел болмаса да, ең бастысы-ақшаны алған адам толық мойындап тұрса да, қалай бәрі астан-кестен боп кетті, мең-зең боп, жүрегім бір сәтте тоқтап қалғандай болды...
Алаяқтық деген де-үлкен бір Өнер ғой, менің қолымнан ән шығарып, сол әнді жеткізгеннен басқа қолымнан ешнәрсе келмейді ғой, қайтем, маңдайға жазылғанды көріп жатырмын.
Мүмкін Бақыт тәте мені темір торға отырғыздым деп, мәз боп бақытты боп жүрген шығар, мен оған жамандық тілемейм, Алла разылығы үшін кешірдім. Алланың осы бір сынақты бергеніне шүкір.