Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

 Головкин экс - менеджерлерін алаяқтық жасады деген күдікпен сотқа берді

 Головкин экс - менеджерлерін алаяқтық жасады деген күдікпен сотқа берді
ашық дереккөз
Спортшы ағайынды Германовтар өзін алдады, қажетінше дұрыс жұмыс істемей есімімді пайдаланып жасырын ақша тапты деп отыр
Орташа салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бұрынғы менеджерлерін сотқа беріп, 3,5 миллион доллар талап етті.

TheBlast.com басылымының жазуынша, Головкин сотқа берген арызында экс-менеджерлердің тиісті қызмет көрсетпегенін де атапты. GGG мәлімдегендей, ол 2017 жылы ағайынды Германовтармен іскерлік қарым-қатынасын тоқтатқан, алайда олар шарттың бұзылғанына қарамастан Сауль "Канело" Альваресқа қарсы екінші жекпе-жегінен пайда түсіруге тырысыпты. Головкин бұрынғы келісімдерінің өтемақысы ретінде 3,5 миллион доллар сұрап, менеджерлермен қатынасын ресми түрде тоқтату туралы сот шешімін көздейді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар