Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ірі жол апатында жалғыз өзі аман қалған Айзада Сатыбалдиева ауруханадан шықты (фото)

Ірі жол апатында жалғыз өзі аман қалған Айзада Сатыбалдиева ауруханадан шықты (фото)
ашық дереккөз
Халық актрисаға ертерек сауығып, сахнаға оралуды жарыса тілеп жатыр.
Алматыда  жол талғамайтын көлік төрт адам жайғасқан жеңіл көлікті соғып, ішіндегі үш адамның бірден өмірмен қоштасуына себепші болған еді. Сол оқиғада шопыр мен танымал актриса Шолпан Елгезекте қайтыс болды. Қатты жарақат алған театр және кино актрисасы Айзада Сатыбалдиева ауыр жағдайда аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді, деп жазды KYN.KZ  сайты. Актрисаның жақындары мен достары күні кеше оны Алматыда емделген ауруханадан отбасына салтанатты түрде шығарып алды. "Аллаға шүкір, "көп тілегі - көл" деген рас, бүгін Айзада Сатыбалдиева ауруxанадан шықты. Айзада күн сияқты, жайма шуақ, жылы шырайлы, жанға жайлы жан ғой. Алла күш-қуат беріп, тезірек саxнадан көруді жазсын",- деп жазды актрисаның құрбысы желідегі парақшасында. Көпшілік Айзада Сатыбалдиеваға жағымды тілектерін жаудырып, оның ертерек сахнаға оралуына тілектес екендерін жазуда. Оқи отырыңыз:

Құспанов: Гауһарды осындайда қолдап қорғамасам ерлігіме де, адвокаттығыма да сын

Заңгер Әлімбекованы қандай жағдайда абақты жазасынан аман алып қалуға болатынын айтты

Әлімбекованы сотқа берген құрбысы не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндірді 

Әпшеме жала жабылды: Әлімбекованың сіңлісі оқиғаның қалай болғанын айтты

Гауһар Әлімбекованың адвокаты істің мән-жайын айтты

Әнші Бағлан ішіне кірген жыннан көрген қорлығы мен одан қалай құтылғанын айтты

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар