Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұстаз: Ақын Бекарыс Шойбековтың ықпалымен жұмыстан қуылдым

Ұстаз: Ақын Бекарыс Шойбековтың ықпалымен жұмыстан қуылдым
ашық дереккөз
Төрт баланың анасы өзі еңбек еткен мектепте директорға ақша бергендер ғана жұмыс істейтінін айтты
Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасы" хабарлады. «Сотқа барсаң, сотқа барамын, отқа барсаң, отқа да барамын», - деп қорқытты. Егер айтқанын істемесем, жұмыстан шығарып жіберуге де жететінін айтты», - дейді Мақпал Самаликова. Мақпал Самаликова Түркістан маңындағы Құмтиын аулында мектепалды даярлық тобында бес жылдай тәрбиеші болып жұмыс істепті. Ал 2017 жылдың 2 желтоқсанында мектеп басшысы оны еңбек шартынсыз, ауыстыру туралы бұйрық шығармай ауылдағы балабақшаға жұмысқа жіберген екен. Ол кезде келіншек жүктілігіне байланысты еңбек демалысында жүріпті. Ал оның орнына директордың бұйрығымен басқа адам алынған. «Алдына келгенімде: «Жұрт секілді 5-10 теңгеңді беріп жүре бермедің бе?! Тыныш отыратын едің. Сенде тыныш, мен де тыныш болар едім», - деді. Мен ол кісіге не үшін 5-10 теңге беремін? Өзімнің адал жұмысымды істеп жүрдім», - дейді жалпы білім беретін орта мектептің бұрынғы мұғалімі Мақпал Самаликова. Келіншекті жұмыстан шығаруға Түркістан қалалық білім бөлімінің сол кездегі басшысы, айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтың ауызша нұсқауы себеп болды, дейді директор. Өйткені мектепте шағын орталық жабылып, Мақпал Самаликованы сонда жіберу туралы сырттай пәтуаласыпты. Өзара келісімнің ішінде балабақша меңгерушісі мен мектеп басшысы және Бекарыс Шойбеков болған. Алайда болары болып, бояуы сіңгенде балабақша меңгерушісі мұны жұмысқа қабылдамай қойған. Сөйтіп, төрт баланың анасы, отбасының жалғыз асыраушысы болып жүрген келіншек аяқ астынан жұмыссыз қалды. «Менде шағын орталық жабылып қалды. Мен жұмысты қайдан тауып беремін? Сондықтан бұл алдын ала келісілген нәрсе. Көлтаеваның өзінің қателігі деп ойлаймын. Өйткені қалалық білім бөлімі басшысының алдында бұл кісінің өзінің тобын беремін, қалдырмаймын деген уәдесі бар еді», - дейді мектеп директоры Есенәлі Жетібаев. Осы іс бойынша бірнеше рет сот отырысы болған. Аппеляциялық алқада қаралған. Бірақ барлық процесс мектеп басшысының пайдасына шешіліпті. Қарындасының сөзін сөйлегені үшін дәл осы мектепте жұмыс істеп жүрген 3-ші топтағы мүгедек Нәлібай Самаликов те директордан зәбір көрдім деп отыр. Шындықты айтып шырылдағаны үшін ол да жұмыстан қуылыпты. «Соңына түссе, кім болса да құртады ғой. Ерегісті. Соңыма түсіп алып, ілік тапты. Мені жұмыстан шығарды. Сөйтіп, менің орныма 800 мың - 1 миллион теңгемен жұмысқа кіріп жатыр екен. Жұмысшылардан 500 мың, 350 мың теңгеден ақша алады екен. Біреуі менің інім, біреуі менің жиенім», - дейді орта мектептің бұрынғы мұғалімі Нәлібай Самаликов. Бірақ бұл айыппен мектеп директоры келіспеді. Өз міндетін толық орындамай, жұмысында кемшілік жіберді деп отыр. «Мен алады деп ойлайсыз ба? Тілде сүйек жоқ. Айта берсін», - дейді мектеп директоры. Екі жақ айтысып-тартысып жүргенде, Түркістан өз алдына бөлек облыс орталығы атанды. Оның айналасындағы елді мекендер түгел Кентау қаласының қарамағына өтті. Құмтиын жалпы орта мектебі Кентауға қарайды. Сондықтан бұл мәселені қала билігі өзінше шешіп көрмек болғанымен, нәтиже шығара алмапты. Болмаған соң, мектепке адам қабылдау тәртібін енгіздік, дейді. «Мектептердің бәріне біз осы портал арқылы жіберіп отырмыз. Бірде-бір мектеп басшысы өз бұйрығымен керекті кадрды алған жоқ», - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков. Дегенмен ағалы-қарындасты ұстаздар бұл уәжге қанағаттанбай отыр. Енді аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қабылдауына жазылмақшы. Сөйтіп мәселенің ақ-қарасын айырып беруді облыс әкімінен араша сұрамақ.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар