Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Роза Рымбаева: Сіңлім отадан кейін жан сақтау бөлімінде жатқанда анам қайтыс болды

Роза Рымбаева: Сіңлім  отадан кейін жан сақтау бөлімінде жатқанда анам қайтыс болды
ашық дереккөз
Әнші анасы қайтыс болған күні базарда жылап жүріп соғымға жылқы іздегенін есіне алды
Роза Қуанышқызы жақында ғана отбасында қайғылы жағдай болғаны жайлы айта отырып  көзіне жас алды. Әншінің туған сіңлісінің миына қатерлі ісік пайда болып, соған күрделі ота жасалған. Бауыры отадан есін жимай жатып әншінің анасы қайтыс болған. "Соңғы рет қатты егіліп жылағаным сіңлім көптен бері ауырып жүрді. Күрделі ота жасаттық. Ол жан сақтау бөлімінде есін жимай жатып анам қайтыс болып кетті. Сол кезде көзімнен аққан жас көл болды. Оны халыққа көрсетудің керегі де жоқ. Тек ең соңғы қиын сәттердің бірі осы жағдай. Анамның қазасын қайғыра жүріп базардан соғымға жылқы іздедім. Себебі, сол күн дүйсенбі еді. Өзіңіз білесіз базарлар істемейді. Бауырларым туыстарды шақырып, олар да әулеттің басқа шаруаларымен қолдары тимеді. Менің қайғылы күні де қара жамылып отыра алмайтыным осы",- деді әнші. Роза Қуанышқызы сіңлісі отадан оянбаса балаларын әрі қарай өз қолына алып, бағуға шешім қабылдап қойған екен. "Әли айтты " Мама жылағаннан ештеңе шықпайды. Тек жағдайды бақылайық. Содан кейін дұрыс жолын қарастырайық" деді. Сосын ойлана келе  сіңлімнің күйеуіне "Өз өміріңді жаса. Балаларды маған бер деп айтпақшы болдым",- деді әнші Роза Рымбаева.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар