Басты жаңалықтар
Әлімбекова 45 жасында тапқан сүйіктісімен неге айырылысып жүргенін айтты
- автор kyn.kz
- 26 сәуір, 2019
- 259
Әнші: Қайтып келеді деген үмітім бар. Ол кісіні әлі жақсы көремін.
Сазгер әрі әнші Гауһар Әлімбекова жеке өмірінде орын алған жағдай жайлы Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында ашық айтты. Соңғы үш жылда сотқа шақырылып, басында куәгер, кейіннен айыпталушы, соңында күдіктіге айналған әнші махаббатта да сәтсіздіктер болғанын жасырмады.
"Мен өмірде бір адамды сыйлап, сүйген болсам сол кісіні деп айтар едім. Біз бір-бірімізге шай деп ұрысып, ауыр сөз айтқан емеспіз. Сотталып жүрген кезімде қасымда бола алмады. Біздің арамызға бір кісілер түсті. Соның арқасында еш хабарсыз, түсініксіз жағдайда "ажырасып" кеттік.
Мен ол кісімен қайта бірге болғым келеді. Оған ән де арнадым. Білем ол азамат та мені жақсы көреді. Менімен бірге болғысы келеді. Тек аттап кете алмайтын адамдардың кесірінен өз қалауын жасай алмай жатыр. Болашақта қайтып бірге боламыз дегенге сенемін.
Тіпті мен істі болып жатқан кезде қасымда болмағанына да өкпем жоқ. Себебі мен ол кісіні жақсы көремін, алыста болса да оны түсінемін, сеземін",- деді әнші.
Сазгер бірнеше жыл бұрын ғана тұрмысқа шығып, бақытты өмір сүріп жатқаны жайлы сұхбаттарында айта бастаған еді.
Келесі мақала