Мен күйеуге кетерде де, "Қараға бермейміз" деп бүкіл ауыл шулаған. Өздері... Бұл қазақтың өзінің ескі сөз тіркесі. Мен ойлап тапқан жоқпын, Әбдіжаппар ойлап тапқан жоқ. Бірақ Әбдіжаппардың қателігі сол жерде абайлап, ойын жинақтап, барынша басқаша жеткізуі керек еді. Маған ауыр тиді. Ата-анама сөз тигеннен кейін болды ғой енді. Ары қарай ән салмаймын, шықпаймын деп өзімді біраз уақыт шектеп тастадым. Күллі елді жек көріп кеттім. Өзімді, інімді жек көріп кеттім. Сондай жағдай болды. Содан кейін енді қалпыма келдім. Не істеймін? Өмір бар ғой.
Менің балаларым бар, анамын, әйелмін. Бес бірдей балапаным бар, содан кейін қайтадан орнымнан тұрдым", - деді ағынан жарылды Роза Әлқожа. Естеріңізге сала кетейік, Әбдіжаппар Әлқожа сұқбат барысында қожалар туралы байтып, елдің сынына ұшыраған болатын. Оған қоса, белгілі заңгер әншіні айтқан сөздері үшін жауапқа тарту керектігін алға тартқан.