Басты жаңалықтар
Жанар Хамитова екі баласының қазіргі жағдайы мен күйеуінің кім екенін ашып айтты
- автор kyn.kz
- 23 мамыр, 2019
- 413
Әнші: Жағдайымды жасап алсам, балаларымды қолыма алсам деген арманым бар
Әнші Жанар Хамитова "Астарлы ақиқат" бағдарламасында күйеуінің кім екенін әрі балаларының қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын, ата-анасымен қарым - қатынасы жайлы ашық баяндады, деп жазды KYN.KZ сайты.
Көпшілік Жанар мен анасының қарым- қатынасы жақсы емес деген пікірде. Себебі олар жүзбе- жүз отырған кезде әңгімелері жараса қоймаған еді. Әнші көпшіліктің осы сұрағына жауап берді.
"Әр отбасыда болатын жағдай. Бізде қиындықтар болды. Оны жасыра алмаймын. Ондай қиындықтар кімде болмай жатыр?. Тек ең бастысы біздер сол қиындықтарды жеңдік деп ойлаймын. Қазір ата- анаммен қарым- қатынасым өте жақсы. Күнде таңда әкем хабарласып, әр күніме сәттілік тілеп отырады. Мен де өз кезегімде оларға жақсы көңіл- күй сыйлауға тырысып ән салып беремін.",- деді Жанар.
Әнші күн санап таныла түскен сайын халық одан екі баласының жағдайы мен күйеуі туралы көп сұрайтын болған. Әнші бұл сұраққа да жауап берді.
"Мүмкіндігінше балалармен көрісіп тұрамын. Қажетінше видео звонок жасаймын. Олардың жағдайы жақсы. Болашақта өзіме алсам деген жоспарым бар. Тек қазір емес. Себебі, өзім енді ғана аяққа тұрып келемін.
Оларға тура қазір жағдай жасап, әкелері сияқты қамқорлық көрсете алмаймын. Қазір балалар күнімен сабақта. Әкелері қосымша сабақ пен түрлі үйірмелерінің барлығына төлеп, білім алуларына барын салып жатыр. Күйеуім қазақ.
Ол туралы да жұрт жиі сұрайды. Керей руынан. Ақсүйектер отбасынан шыққан текті азамат. Білімді, зиялы. Сондықтан біздер дос болып қалдық. Ешқандай ұрыс-керіс жоқ. Доспыз. Ол Ақтөбе жақтың азаматы",- деді әнші.