Басты жаңалықтар
Күнде ұрыс: Бүркіт Аишамен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты
- автор kyn.kz
- 27 мамыр, 2019
- 459
Бүркіт: Кейде бір-бірімізге бір сөз айтуға қорқатынбыз, сол болмашы зат ұрысқа ұласып кетеді
Танымал әнші Бүркіт пен Аишаның отау құрғандарына биыл 9 жыл. Қос жұлдыз бүгінде екі ұл, бір қыз баланы тәрбиелеп отыр. Бүркіт өзге ұлт өкілін келін етіп түсіргенде көпшілік қайран қалды. Дегенмен әнші орыс тілді бойжеткенді қазақша ән салдырып, оның есіміне дейін қазақшалап тастад.
Десе де жұртқа сүйкімді көз қызығарлықтай көрінетін жұптың ел білмейтін құпиясы көп. Олар үйленбей тұрып күнде жанжалдасып, ұрыстан көз ашпаған кездері жайлы айтты, деп жазды KYN.KZ
Әнші Айбектің сөзінше барлық мәселе үйленгеннен кейін, шаңырақ көтеріп, үлкен жаңа әрі маңызды өмірге қадам басқаннан кейін күрт өзгерген. "Қазіргі ұрысымыз әрі кетсе 5-10 минутқа созылады. Кезінде бір- бірімізге бірдеңе айтуға қорқатын кезеңдер болды. Бір болмашы сөзден дау туындап, ұрысқа айналып кететін. Шүкір, қазір бәрі орнына келді",- деп жазды Айбек.