Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Кәріз құдығына құлаған бүлдіршінді құтқарған 11 жасар оқушы марапатталды

Кәріз құдығына құлаған бүлдіршінді құтқарған 11 жасар оқушы марапатталды
ашық дереккөз
Бекназар ойнап жүріп кәріз құдығына түсіп кеткен 2 жасар баланы өз күшімен шығарып алған
Жетісай қаласында жас бүлдіршіннің өмірін құтқарып қалған 11 жастағы жас батыр Бекназар Мейрамбек генерал-майор В. Беккердің алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Бекназар Мейрамбек Мұсаұлы 2 сәуір күні кешкі сағат 19.40 шамасында А.Қалыбеков көшесіндегі кәріз құдығына құлаған 2 жасар баланы құтқарып қалған. Осы ерлігі үшін Түркістан облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, генерал-майор В.Беккердің алғыс хатын соңғы қоңырау жиынында салтанатты түрде табыстады. Жиын барысында Нұрғали Жүнісов ата-анасына, мектеп директоры мен сынып жетекшісіне батыр бала тәрбиелегендері үшін өз атынан алғыс білдіріп, М.Бекназарды бағалы сыйлықпен марапаттады. Жас батыр 2008 жылы Жетісай қаласында дүниеге келген. Отбасында 7 бала бар, ата-анасының екінші перзенті. №2 Шохан Уәлиханов атындағы мектебінің 5 а сынып оқушысы. Мейрамбек сол күні кішкентай бүлдіршіннің кәріз құдығына құлап түскенін байқап қалған. Мұны көре салысымен өзімен бірге ойнап жүрген балалармен бірге дереу жүгіріп келген. Балалар септикке қараса құдықтың іші 1 метрден аса лас су, ал кішкентай бүлдіршін көрінбеген. Осы мезетте Мейрамбек еш ойланбастан, дереу құдықтың ішіне түседі. Лас су мойын тұсына келгеніне қарамастан суға басын тығып, кішкентай бүлдіршінді қолымен іздеп тауып,  суға тұншығып жатқан 2 жасар  бүлдіршінді көтеріп алып, септиктен шығарған. Осылайша 11 жасар Мейрамбек жас бүлдіршіннің өмірін сақтап қалған.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар