Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыда бала өліміне себепкер болған батуттың иесі облыс деңгейіндегі шенеунік екен

Қарағандыда бала өліміне себепкер болған батуттың иесі облыс деңгейіндегі шенеунік екен
ашық дереккөз
Қайтыс болған Борис Рудаков батут аударылған кезде оның үстінде емес, сол маңда ойнап жүрген.
Қарағанды орталығындағы батуттың кесірінен қайтыс болған  Борис Рудаковты  туыстары ертең жер қойнына тапсыратын болды, деп жазды KYN.KZ.
 
Оқиғаны зерттеу барысында баланың батутта ойнамағаны анықталған. Ол тек сол батутты жел айдаған жақта жүрген. Ажалы болса керек, ең ауыр соққы соған тиген.
Бұл туралы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева мәлімдеді."Марқұм болған балақай батут ішінде ойнамаған. Ол оның қасында тұрған. Ол батут соққысынан аударылған киосктің жанында болыпты. Саябақта бірқатар ережелер сақталмаған" , - деді Сәуле Айтпаева.

Анықталғандай, құрамына тәртіп сақшылары мен жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері кірген комиссия тоғызы мен 11 мамыр аралығында саябақта тексеріс жүргізген. Олар аттракциондар мен батуттардың қауіпсіздігін тексеріп шықты.

Тексеріс нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Балалар құқығы жөніндегі уәкілдің сөзінше, жергілікті орындаушы органның бірде-бір қызметтік өкілі бұған қатысты тиісті шара қолданбаған.

11 жасар Борис Рудаков ертең жерленеді. Оның жерлеу рәсіміне қатысты ұйымдастырушылық мәселелерді Қарағанды әкімдігі өз мойнына алды.

Тағы бір айта кететін жайт, батуттың иесі облысқа қарасты Төтенше жағдайлар департаментінің жауапты қызметкері болып шықты. Бірақ, саябақтағы кәсіп оның әйелінің атына жазылған екен. дегенмен барлық жұмысын шенеуніктің өзі атқарған. Сондықтан да болар қазір ол адам өліміне қатысты жауапқа тартылу мақсатында тергеуге алынды.

Айта кетейік, 25 мамыр күні Қарағандыдағы орталық саябақта сағат 17:00 шамасында қатты жел соғып, нәтижесінде батут адарылды. Оқиға салдарынан екі бала жарақат алып, біреуі қаза тапты.

Желіде қайғылы оқиға орнынан түсірілген видео тарап кетті.

 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қарағандыда батут аударылып бір бала қайтыс болды. Тағы екі бала жарақат алды.

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 306 бабы үшінші бөлімі "Адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарға сай келмейтін қызмет көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бала өліміне себепші болған батуттың иесі тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. 40 жастағы азамат Абай ауданының жедел өрт сөндіру бөлімінің басшысы болып шықты.

 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар