Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте 6 қызды қағып кеткен Мұз сарайының медбикесі болып шықты

Шымкентте 6 қызды қағып кеткен Мұз сарайының медбикесі болып шықты
ашық дереккөз
6 оқушының қазіргі денсаулық жағдайы жайлы дәрігерлері мәлімет берді.
Шымкентте 6 қызды қағып кеткен Мұз сарайының медицина қызметкері болып шықты. Бұл туралы Шымкент қалалық қысқы спорт түрінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Бақытжан Зиябеков мәлімдеді. Бақытжан Зиябековтың айтуынша, Мұз сарайына дайындыққа келген алты қыз жаттықтырушысымен сөйлесіп тұрған. Осы кезде автотұрақта тұрған көлік жылжып кетіп, бұларды қағып кеткен. Балаларды көлік қаққан уақытта ата-анасы да қасында болған. «Рөльде болған келіншек спорт мектебінде медицина қызметкері  болып жұмыс істейді. Ол машинаға отырып, қозғалтқышты іске қосқанда механикалық басқаруда қалып қойған темір тұлпар бірден жылжып кеткен. Балаларды байқамай қалған», - деді Бақытжан Зиябеков. Жарақат алған 4 қыз қалалық балалар ауруханасының жарақат бекетіне жедел жәрдеммен жеткізілген. Жарақат бөліміндегі дәрігерлер жасөспірімдерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды амбулаториялық жағдайда ем алу үшін емханаға жіберген. Ал, ауыр жарақаттанған 6 және 11 жасар қыздар Түркістан облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Бүгін дәрігерлер оларды палатаға ауыстырды. Жол апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайын білу үшін бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев және ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Инна Глазебная арнайы барды. Олар емдеуші дәрігерлермен балалардың ем-домын талқылады. Еске салайық, жол-көлік оқиғасы кеше күндізгі сағат 15.30 шамасында болған. Шымкенттегі автотұрақтардың бірінде «Opel Kadett» автокөлігінің жүргізушісі кәмелет жасына толмаған 6 баланы қағып кетіп, салдарынан ауыр соққы алған екі жеткіншек ауруханаға жеткізілді. Ал, қалған 4 бала үйіне қайтарылған.  Қалалық ПД осы оқиға бойынша бірнеше сараптама тағайындалғанын, аталған жайт бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілгенін  хабарлады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар