Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мәди Манатбек анасының аяғын сүйіп, видеоға түсіріп тарататын әншілерді сынады

Мәди Манатбек анасының аяғын сүйіп, видеоға түсіріп тарататын әншілерді сынады
ашық дереккөз
Журналист: Бұл не құтыру? Осыны оңай жолмен табысқа жетіп мансап қуған әншісымақтар бастады
Журналист Мәди Манатпек көптен бері елдің көкейінде жүрген жайтқа байланысты өз ойын айтты. Көптеген әншілер анасын отырғызып қойып аяғын жуып, табанын сүйіп желіде эстафета ұйымдастырып жүр. Бұл жағдай мұсылман қоғамының өзін таң қалдырған болатын. Көпшілік ауыспалы мағынада айтылған сөзді айтылуы бойынша түсінген жұлдыздардың қылығына түрлі пікір айтты, деп жазды KYN.KZ. Осы тұста белгілі журналист Мәди Манатпек анасын құрметтеу әркімнің де міндеті екенін, бірақ соны осыншалықты дабыра қылу мұсылманның мәдениетіне жат екенін айтты. "Анасының аяғын жуып, онысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салу не сән, не құтыру? Жұмақ анаңның табанының астында дегенді білеміз, берік ұстанамыз, бірақ видеоға түсіріп, жұртқа жариялап жарысқанды алғаш көруім. Осының бәрін бастап, эстафета жариялап жүрген оңай табысқа, атақ-мансапқа мастанған, қоғам шындығынан алыстап кеткен әншісымақтар. Ата-ананы сыйлау, құрметтеу деген еш жариясыз, риясыз атқаратын пенденің күнделікті тіршіліктегі міндеті емес пе?! Құдай алдындағы борышын рия болады деп қорықпай жариялайтын діни буквализмге, фанатизмге ұрына бастадық. Біртүрлі қоғамға, сапасыз, санасыз, даңғой елге айналып барамыз. Мұндайда имамдар, теолог ғалымдар араласып, ненің абзал, ненің жөн екенін анықтап, нақты айтып беруі керек.",- деп жазды Мәди Манатбек.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар