Басты жаңалықтар
Жанардың мәлімдемесінен кейін Керменбаевтың келіншегі: Маған үзіліс керек
- автор kyn.kz
- 29 мамыр, 2019
- 654
Көпшілік Назерке Керменбаеваның күйзеліске түсіп кеткенін жазып жатыр
Әнші Нұржан Керменбаевтың келіншегі, екі баласының анасы Назерке Керменбаева Инстаграм желісінде танымал келіншек. Ол орамалды қыздарға дін бағытында түрлі кеңестерін айтып, жеке блог жүргізеді, деп жазды KYN.KZ.
Нұржан жайлы Жанар Хамитова мәлімдеме жасағаннан кейін көпшілік екі тарапқа бөлініп желіде сөз таластыра бастады. Бірі Жанарды жақтаса. Енді бірі Нұржан ақтап алуға тырысты. Таяқтың бір ұшы Нұржанның келіншегі Назеркеге де тиген сыңайлы.
Көпшілік оның парақшасында Жанар мен Нұржанға қатысты пікірлерін жазған. Бұл ретте әншінің келіншегі елден ешқандай да жаман пікір жазбауларын өтінген. Көпшілік оған ештеңеге қарамастан бақытты болуға кеңес берген. "Сіз өте тамаша жансыз. Жанардың сөздеріне назар аудармаңыз. Нұржанды қолдап, екі балаңызға ие болып, бақытты өміріңізді жалғастыра беріңіз"," Осыған бола үйде ұрыс шығармаңыз. Бәрібір сіз жеңдіңіз" деген сынды пікірлер өте көп.
Назеркенің өзі болса біраз уақыт желіге шықпайтынын жазған. Әрі соңғы жазбасында пікір білдіруге тыйым салған. Осыған байланысты жұрт оны күйзеліске түсіп кетті деп ойлайтындарын жазып жатыр. Оқи отырыңыз: