Негізінде пітір садақасы айттың бірінші күні, таң намазы кіргеннен бастап міндеттеледі.
«Ораза – Рамазан айында ұсталады, пітір садақасы – ауыз ашқан күні (айттың бірінші күні) беріледі, құрбан – құрбан айтта сойылады», – делінген Пайғамбарымыздың хадисінде.
Дегенмен пітір садақасын айттың алдында, рамазан айында да беруге болады. Ал айт күнінде пітір садақасын бір жағдайлармен беріп үлгермей қалған болса, айттан кейін беруі керек.
Пітір садақаны айт намазы басталмай тұрып беру – мұстахаб. Өйткені Пайғамбарымыз пітір садақасын айт намазына шықпай тұрып беретін болған.