Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жәрдемақы алу үшін әдейі ажырасатындар көбейген

Жәрдемақы алу үшін әдейі ажырасатындар көбейген
ашық дереккөз
Елімізде әдейі ажырасатындар саны күрт артты. Шымкенттік судьялардың айтуынша, мемлекеттен берілетін жәрдемақы үшін жалғызбасты ана ретінде тіркеліп, атаулы әлеуметтік көмекке ілінгісі келетіндер осындай қулыққа баруда, деп жазды KYN.KZ  сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып. Мәселен, осыған дейін бір аптада саусақпен санарлық адам ажырасуға құжат тапсыратын болса, қазір олардың саны кейде 15-тен асып жығылады дейді судьялар. Кейбірі тіпті жәрдемақы алу үшін осындай қулыққа барып жатқанын ашық айтады екен. Баласынан бас тартып жатқан әкелер де жетерлік. Мұндай қулықты сезіп қалған судьялар өтінішті қанағаттандырмауға тырысып жатқанын айтады. Олардың сөзінше, мұндай жағдай күнгейде ғана емес, жалпы Қазақстанда соңғы екі ай ішінде күрт көбейіпті. "Мемлекет беріп жатқан көмек әлеуметік жағдайы төмен отбасыларға арналған. Сол қаражат сол отбасыларға жетуі тиіс. Халық тегін ақшаны алғысы келеді",- дейді судья Қайрат Ізбасаров.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар