Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айсәуле: Күйеуімнің үйінде ата-енеммен, екі итіммен тұрамын

Айсәуле: Күйеуімнің үйінде ата-енеммен, екі итіммен тұрамын
ашық дереккөз
Айсәуленің табысы жақсы болғандықтан тұрмысқа шығарда екі қызметшісін өзімен ала барған

Жақында тұрмысқа шыққан Айсәуле күйеуінің  үйіне екі иті мен қызметшісін ала барған. Бойжеткен жаңа отбасылық өмірі жайлы Мұхит Сапарбаевтың"Oybay show" бағдарламасында әңгімелеп берді.

"Қазір күйеуімнің үйінде ата-енеммен, екі итіммен тұрамын. Сыртта тағы біреуі бар. Алдағы уақытта тағы асырап алғым келеді. Өзіммен бірге үй қызметшісін де алып кеткенім рас. Менің оған мүмкіндігім бар. Өйткені, үйде қызметкер ұстауға шамам жетеді.

Соған лайық ақша табамын. Жалғыз өзім үй жұмыстарының бәріне үлгермейтін едім",  - деді ағынан жарылды Айсәуле Бақытбек.

Айсәуле кеше ғана тұрмысқа шыққанымен енем анамдай жақын дейді.

"Менің жолым болды. Енем өте керемет адам. Тіпті анам сияқты жақын адам. Екеуміз ұқсайтын сияқтымыз. Мені үйде ойымды еркін айтып үйреткендіктен, сондай үйге тап болдым деп ойлаймын.

Ол үйде өзімді ыңғайсыз сезінген емеспін", - деді Айсәуле Бақытбек.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар