Басты жаңалықтар
"Сыныптастарым мені семіз деп мазақ ететін": Төреғалидың қарындасы қалай арықтағанын айтты
- автор kyn.kz
- 2 маусым, 2019
- 2.0k
Фариза: Тіпті үйге келген туысқандарым мені танымай "үйлерінде қонақ қыз бар екен" деп ойлапты
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі басынан өткен жағдайды баяндап желі қолданушыларын тамсандырды, деп жазды KYN.KZ. "4 сыныпты бітіріп жаттым,өзімді қолға алам деп шештім.Алматыға жаңадан көшіп,үйіміз салынып жатқан еді.Содан өзімді тамақтан,тәттіден,наннан ақырындап шектей бастадым.Тәттіні өте қатты жақсы көремін,бірақ алдымда шоколад тұрса да жемейтінмін.Сол уақыттағы Фаризаның "сила воли" қасиеті мықты болыпты деп қоям. Дина дүкеннен тәттілерді үйіп әкелед,сонда арықтап болған соң жеймін деп шкафтың жоғары жағына тығып коятынмын.",- дейді Фариза.
Фаризаның айтуына қарасақ ол бастауышты бітірген кезінде қазіргі диетологтар айтып жүрген кеңесті өзі ұстанған.
"Наннан бір жола бас тарттым және тамақты шай ішетін кесеге құйғызатынмын(асқазанды кішірейту мақсатында).Ол кезде тіпті интернет қолдануды білмейтінмін,қалай соның бәрін жасағанмын деп таң қаламын. Жаңадан салынған 2-қабат үйдің еденін күнде жуатынмын(ерінбейді екен өзі).Ол кезде фитнеске бару қайда. Және ең маңыздысы өте көп СУ ішу қажет.
2 литрге дейін ішіп қоятынмын. Организм аз тамаққа үреніп қалды, солай тек каша жеуге көштім,тіпті "арықтаймын-арықтаймын" деп тамақтан бас тарттым.Бір кеседегі тамақ жайында қалды.
Қатты азып кеткенім сонша анам уайымдай бастады... Жазғы демалыстың соңына қарай үйге туыстарым келіп мені шынымен танымай қалды.
"Үйлерінде қонақ жүр ау" деп. Ал сыныптастарым мүлде, мені жаңадан келген оқушы деп ойлады, амандассам суық қарап, танымай біраз жүрді.Солай біраз көзіме өзім семіз көрінетінмін,қазір ол кездегідей қатты арық емеспін.",- дейді бойжеткен.