Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сайрагүл Сауытбайға Швеция босқын мәртебесін берді

Сайрагүл Сауытбайға Швеция босқын мәртебесін берді
ашық дереккөз
Меруерт Түсіпбаева: Қазағым деп пана іздеп келген қызына пана болмаған ағайынға не айтайын?
Қытайда қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстаннан пана іздеп келіп қамалып қалған Сайрагүл Сауытбайға Швеция босқын мәртебесін берді, деп жазды KYN.KZ. Адвокат Айман Омарова Сайрагүл Сауытбайдың Алматы әуежайынан ұшып кеткенін айтты. «Қош бол, Сайрагул! Жолың болсын! Бақытты бол! Атажұрттыңда қазақпын деп асығып, Қытайдан қашып келгенде пана бермеседе, енді өмірің дүние жүзінде ең дамыған мемкелет есігін ашты! Ұмытпа! Сен әрдайым нағыз қазақтың қызы екеніңді!!!», - деді Айман Омарова. Адвокаттың айтуынша, олар бұған дейін Швециядан баспана сұрап, БҰҰ-на құжат жіберген. Еске салайық, 2018 жылы Алматы облысы Панфилов аудандық соты тамыз айында «Қытайдан Қазақстанға шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталған. Оған 6 ай шартты түрде бақылауда ұстау туралы жаза берілді. Осылайша сот Сайрагүл Сауытбайды Қытайға депортацияламай, Қазақстанда қалдырған. Айта кетейік, 4 қазан күні шыққан сот шешіміне сәйкес, Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін беруге, саяси баспана беруге бас тартылды. Кейін Сайрагүл аталған комиссияның шешімін заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. Талап арыз бойынша сот әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы желідегі парақшасында әнші Меруерт Түсіпбаева да жазды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Тар заман,зар заман, қу заман....😥 Өкінішті...😥😥😥қай бетімді жыртайын🤷‍♀️🤷‍♀️Қазағым-деп пана іздеген қызына,пана бола алмаған ағайынға не айтам...Кеше ғана,Павлодарда концертте жургенімде,маған алғыс айтып,жіберген аудиоңдағы ,сөздің астары-менімен қоштасу екенін ұқпадым мен...😥😥Жаным-ау,бала-шағаңның жанында,қайда журсең де, аман-есен жүрші...#Кешир,Сайрагул.... САЙРАГҮЛ САУЫТБАЙҒА ШВЕЦИЯ БОСҚЫН МӘРТЕБЕСІН БЕРДІ. . . (В Кз отказали)🤣🤣🤣

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар