Басты жаңалықтар
Тоқаев Назарбаевтың президенттікті "өзіне тапсырудағы" құпиясын ашып қойды
- автор kyn.kz
- 3 маусым, 2019
- 316
Бұл мәселе бойынша Назарбаев үш жыл бойы кеңесшілерімен ақылдасып, осынша уақыт бойы ойланған
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде биліктің ауысуы туралы мәселе үш жыл бойы қаралғанын айтты.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев орнына қойып кету үшін бірнеше кандидатты қарастырды, дейді Қасым-Жомарт Тоқаев "Ресей" телеарнасына берген сұқбатында.
"Нұрсұлтан Әбішұлы партия съезінде өзі айтқандай, бұл мәселені біраз уақыт бойы қарастырған. Құпияны ашар болсам, үш жыл бойы талқыланды. Ол басқа кандидаттарды да қарастырғанын жасырған жоқ. Бірақ 19 наурызда Қазақстандағы биліктің тізгінін қолға алу маған бұйырды", - деді Тоқаев.
Қазақстан президентінің пікірінше, халықаралық қауымдастық Назарбаевтың өкілеттігінен бас тартуы туралы шешіміне жоғары баға берді. "Түрлі болжамдар мен алып-қашпа сөздерге қарамастан, ол мүлдем басқа жолды таңдады. Президент лауазымын өмір бойы иеленбек дегендер де болды", - дейді мемлекет басшысы.