Басты жаңалықтар
Ауруханада: Журналис Сәуле Әбілдаханқызын ІІБ кеңсесі жанында он әйел сабап тастады
- автор kyn.kz
- 5 маусым, 2019
- 252
Аналар мәселесін көтеріп жүрген журналиске шабулдағандар одан желідегі "группаларды" өшіруді талап еткен.
Танымал журналис Сәуле Әбілдаханқызы қазір қаладағы № 7 ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның миы шайқалғанын айтқан, деп жазды KYN.KZ. Журналист түскі уақытта Наурызбай ауданындағы Ішкі істер департаментіне шақырылған. Сол кеңседен шыққан есікте оны бір топ келіншек күтіп алған. Алғашында оған қолдау көрсетеміз дегендер жақындап келіп журналисті сабай жөнелген.
"Қазір ғана Сәулемен хабарластым, телефоны жоқ, сіңлісінің нөмерінен соқты, ІІД-і деп, орта жолдан Наурызбай ІІБ-не алып кеткен.
2 сағаттай ұстап, басқа есіктен шығарған, ол жерде алдын-ала дайындалып тұрған оншақты әйел Сәулені балағаттап, тиісіп, соққыға жыққан, атап айтқанда ішінен ұрып, шашынан сүйреген, бірақ бетінен ұрмаған! Ең сорақысы, осының бәрін Наурызбай ІІБ-нан шыққан екі жігіт және Сәулені үйінен алып шыққанда бетіне маска киіп тұрған жас жігіт ұялы телефондарына түсіріп тұрған.
Қазір Сәуле үйінде, телефоны жоқ, сағат 18.00 Түрксіб аудандық ІІБ-не шақыртып жатыр, дереу үйіне барғандарың, ІІБ-не жалғыз жібермегендерің жөн!",-деп жазды заңгер Абзал Құспан.
Журналис үйіне жеткенде өзін нашар сезінсе керек жедел жәрдем шақырған. Дереу ауруханаға жеткізіліп қазір ем қабылдауды бастап кетті.