Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сәуле Әбединованы бір топ әйелдің не үшін сабағаны анықталды

Сәуле Әбединованы бір топ әйелдің не үшін сабағаны анықталды
ашық дереккөз
Белгілі журналист қазіргі жағдайы жайлы айтты
"Ақжүніс" бағдарламасымен көпшілікке кеңінен танылған тележүргізуші Сәуле Әбединованы белгісіз әйелдер жабылып ұрып кетті. Миы шайқалып, ауыр соққы алған әйел ауруханадан бір-ақ шыққан деп хабарлайды "31" арна.
Телеарнаның мәліметінше, жыл басынан бері көпбалалы аналардың мәселесін көтеріп жүрген Әбединованың үстінен бірнеше адам полицияға арыз жазған.

Шағым қаланың бірнеше полиция департаментіне түскендіктен, тележүргізушіге бір күнде бірнеше жерден шақырту жіберіліпті.

Ал Сәуле Әбединова Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция бөліміне барғанда оны бірнеше әйел жабылып ұрып тастаған.

"Шашымнан ұстап алған. Орамалым бір жақта қалды. Қолымнан ұстап алып, ішімнен былай... Айтпайтын сөздерді айтты. Балағаттың түр-түрін айтып жатыр. Ішімнен еңкейіп қалдым", - дейді Сәуле Әбединова.

Осыдан кейін тележүргізушіні жедел-жәрдем үйінен алып кеткен. Ақ халаттылар Әбединованың миының шайқалғанын айтуда.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар