Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Вице-министрінің не себепті қамауға алынғаны айтылды

Вице-министрінің не себепті қамауға алынғаны айтылды
ашық дереккөз
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның қандай қылмыс жасағаны анықталды
Хабарланғандай, Ұлттық бюро вице-министрге қатысты сот алды тергеу жұмыстарын қызметтік         өкілеттігін теріс пайдалану, пара алу және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша жүргізген, деп жазды KYN.KZ.

Құқық бұзушылық эпизодтарының бірі 2016-2018 жылдарға сәйкес келеді.

МҚІСЖҚІА қазір тергеу жұмыстарының жалғасып жатқанын, сот санкциясымен қамауға алынғанын айтты. Соңғы үкімді сот шығарады.

47 жастағы Эльмира Суханбердиева бұл қызметке 2016 жылдың сәуір айында келген.

Вице-министр тұтқындалмас бұрын МҚІСЖҚІА баспасөз қызметінде Ұлттық бюро Білім және ғылым министрлігіндегі шенеунікке қатысты тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеген. Алайда, ол кезде тергеуге алынған тұлғаның аты-жөні айтылмаған еді. Ал 6 маусым күні Суханбердиеваныңтұтқындалғаны анықталды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар