Басты жаңалықтар
Есен Елеукен: Жайдарманнан шыққан танымалдар маған процент бермей кетті, туған күнде құр сөзбен құттықтайды
- автор kyn.kz
- 7 маусым, 2019
- 914
Қазақстан халқына КВН арқылы танылған Есен Елеукен бір кездері рэп оқып тойға шыққан әнші болыпты. Ол мектеп жасында үлкен қыздар ұзын кірпігіне қызығып, мақтай берген кезде не істерін білмей түбінен кесіп тастапты.
Актер Жанар Айжановаға берген сұхбатында әзіл-шынын араластыра отырып біраз шәкіртіне өкпелі екенін де айтып қалды, деп жазды KYN.KZ. "Қырық жасқа келгенде күттім, қырық бес жасқа келгенде күттім. Шәкірттерімнің арасында министр, әкім, танымал тамадалар да бар. Бәрі жай "Өнердегі әкеміз, анау мынау" деп мақтағаннан аса алмайды. Бір тәуір сыйлық не табысынан пайыз берген емес.
Негізі бұл әзіл ғой. Хайп жасамай қояйықшы осы. Шынын айтсам, Жайдарманнан шыққан адамдар арасында қоғамға пайдасы тиетін, елге керек ,ұлтжанды азаматтардың дүниеге келуі үлкен абырой.
Олар өздерін асырап, өзгеге көмек бере алатын абыройлы адамдар болса соның өзі үлкен бақыт. Сол маған жетеді",- деп аяқтады сөзін Есен Елеукен.
Келесі мақала